15 Шілде, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?Маңғыстауда ЖИ технологияларын білім беру жүйесіне енгізу бойынша жоспар әзірленді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауы аясында Маңғыстау облысында 2025-2026 оқу жылына арналған жасанды интеллектті білім беру жүйесіне енгізу бойынша кең көлемді жоспар әзірленді. Аталған жоспар педагогтер мен оқушыларды оқытуға, сондай-ақ ЖИ технологияларын мектеп өміріне жүйелі түрде енгізуге бағытталған.
Білім басқармасының мәліметінше, бірінші кезең жасанды интеллект құралдарымен таныстыру мен оқытуға бағытталды.
Аталған бағыт бойынша «Цифрлық сауаттылық» пен «Информатика» пәндерінде ChatGPT, Copilot, Python сияқты құралдарды қолдану жоспарланып отыр. Бұған қоса, «ЖИ және математика», «ЖИ және информатика» сияқты факультативтік курстар мен информатика мұғалімдеріне арналған «Ұстаз және ЖИ» жобасы енгізіледі. Екінші кезең – практикалық іс-шаралар өткізу бойынша оқушыларға арналған жоба апталықтары, хакатондар мен мектепішілік олимпиадалар ұйымдастырылады. Үшінші кезең – танымдық іс-шаралар өткізу бойынша мектептерде көрмелер, дөңгелек үстелдер, бейнесабақтардан тұратын жасанды интеллект апталығы өтеді. Сондай-ақ, No Code, Low Code және Startup Academy бағыттары бойынша курстар ұсынылады. Алдағы уақытта да Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес жасанды интеллект технологияларын экономиканың түрлі салаларына енгізу және дамыту шаралары жалғасатын болады, - деді басқарма өкілдері.
15 Шілде, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?14 Шілде, 17:41
ӘЧ-2026: қай құрама финалға жолдама алады?7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд