6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерӨзбекстандық мамандар сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді және саланың тиімділігін арттыруды көздеп отыр, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Өзбекстанда көшкін қаупі жоғары аймақтарда және таулы аудандар арқылы өтетін теміржол желілері маңында ғарыштық мониторинг жүргізіледі. Бұл шара табиғи апаттардың алдын алу және инфрақұрылымның қауіпсіздігін арттыру мақсатында қолға алынған.
Жоба аясында жасанды интеллект технологияларын пайдалану арқылы жер сілкінісін болжау тәжірибесі де енгізіледі. Алғашқы пилоттық кезең Ташкент қаласында жүзеге аспақ. Сонымен қатар елдегі мәдени мұра нысандарының сейсмикалық төзімділігі тексеріледі.
Тағы бір маңызды бастама – аймақтардың сейсмикалық қауіптілігі туралы ақпарат жинақталған бірыңғай платформа құру. Құрылыс компаниялары бұл деректерді жаңа нысандар салу кезінде міндетті түрде басшылыққа алуы тиіс.
Бұған дейін Өзбекстан үкіметі жасанды интеллектті мемлекеттік басқаруға кеңінен енгізу мақсатында 2 мыңнан астам шенеунікті жұмыстан босататынын хабарлаған болатын.
Айта кетсек, 2026 жылдан бастап өзбек мектептерінде жасанды интеллект негіздері пән ретінде оқытылады. Сондай-ақ үкімет жемқорлықтың алдын алу үшін мемлекеттік сатып алу жүйесіне де ЖИ технологиясын енгізуді жоспарлап отыр.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі