18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?2025 жылдың мамыр айында Ұлытау облысы әкімдігі мен Болат Өтемұратов қоры Жезқазған қаласының жаңа Батыс ауданында заманауи Оқушылар сарайын салуды көздейтін өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Жобаны Ұлытау облысы әкімдігінің тапсырысы бойынша «Архдизстрой» ЖШС әзірлеген. Құрылыстың барлық шығынын Болат Өтемұратов қоры өз мойнына алып, жобаны бастан аяқ жүргізбек.
Облыстық әкімдік мәліметінше, жаңа Оқушылар сарайы заманауи сәулеттік және білім беру стандарттарына сай болады және өсіп келе жатқан ұрпақтың қабілеті мен талантын дамытуға арналған маңызды алаңға айналады. Жоба – өңір жастарының білімді, белсенді және шығармашыл болып қалыптасуына қолдау көрсетуді мақсат етеді.
Құрылысты 2025 жылдың тамыз айында бастау жоспарлануда.
18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр