Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары2025 жылдың мамыр айында Ұлытау облысы әкімдігі мен Болат Өтемұратов қоры Жезқазған қаласының жаңа Батыс ауданында заманауи Оқушылар сарайын салуды көздейтін өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Жобаны Ұлытау облысы әкімдігінің тапсырысы бойынша «Архдизстрой» ЖШС әзірлеген. Құрылыстың барлық шығынын Болат Өтемұратов қоры өз мойнына алып, жобаны бастан аяқ жүргізбек.
Жаңа Оқушылар сарайы заманауи сәулеттік және білім беру стандарттарына сай болады және өсіп келе жатқан ұрпақтың қабілеті мен талантын дамытуға арналған маңызды алаңға айналады. Жоба – өңір жастарының білімді, белсенді және шығармашыл болып қалыптасуына қолдау көрсетуді мақсат етеді.
Құрылысты 2025 жылдың тамыз айында бастау жоспарлануда.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар