Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыЖезқазған қаласы полиция басқармасының қызметкерлері қала аумағында жасалған бірқатар ұрлықты әшкереледі, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Жедел-іздестіру шаралары барысында 63 және 59 жастағы Жезқазған қаласының екі тұрғыны – ағайындылар анықталып, ұсталды. Тергеу барысында олардың биылғы жылдың тамыз бен қазан айлары аралығында дүкендерден, сұлулық салондарынан және тұрғын үйлерден ақша, телефон, банк карталары мен бағалы заттарды ұрлағандары белгілі болды.
Жәбірленушілерге келтірілген жалпы материалдық шығын 1,5 миллион теңгеден асты. Криминалдық полиция қызметкерлерінің жедел әрекеттерінің нәтижесінде күдіктілер анықталып, екеуі де уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция азаматтарды жеке мүліктеріне ұқыпты қарап, бағалы заттарын қараусыз қалдырмауға шақырады.
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек