Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыЖезқазғандық полицейлер алкоголь ішкен ер адамды полиция көлігімен медициналық тексеруге алып бара жатқанда, ол қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ұлытау облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, учаскелік полиция инспекторлары әйелі телефон соққаннан кейін мас ер адамды үйінен алып кеткен. Әйел күйеуінің ішімдік ішіп, жанжал шығарғанын айтып шағымданған. Медициналық мекемеге бара жатқанда ер адам аяқ асты ауырып, қайтыс болды.
Сот-медициналық сараптама өлімнің алкогольдік кардиомиопатиядан туындаған жедел жүрек жеткіліксіздігінен болғанын анықтады.
Ведомство аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады.
Облыстық полиция департаментінің ішкі қауіпсіздік басқармасы қызметкерлерінің іс-әрекетінен ешқандай заң бұзушылықтар анықталмады.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар