13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызЖезқазған қалалық сотында бөтеннің мүлкiн қасақана бүлдірген ер адамға қатысты іс қаралды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ұлытау соттарының мәліметінше полиция Қылмыстық кодекстің 202-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғады.
Сотталушы 2025 жылғы 2 қаңтарда сағат 03:55 шамасында әйелімен жанжалдасып қалған, ол отбасылық дауларға әйелінің Жезқазған қаласы Абай көшесінде орналасқан «B.D.» кафесінде қосымша жұмыс істеуі әрдайым себеп болатынын сылтау етіп, «Toyota» маркалы автокөлігімен сол кафеге барып, оның ғимаратын көлікпен соққан. Салдарынан есік тұсын қиратып, жәбірленушінің мүлкін қасақана бүлдіріп, 988 000 теңге мөлшерінде залал келтірген.
Сот талқылауы барысында сотталушы кінәсін мойындады.
Жезқазған қалалық сотының үкімімен ер адам кінәлі деп танылды, оған 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы кесілді. Жәбірленушінің пайдасына келтірілген материалдық шығын толық өндірілді.Үкім заңды күшіне енді.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды