Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы11 қазаннан бастап Жезқазған – Шымкент бағытында әуе рейсі ашылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Субсидияланған рейс аптасына екі мәрте сәрсенбі және жексенбі күндері қатынайды. Кешеден бері билет сатыла бастады. Бағасы 15 мың теңге. Ал 14 жасқа дейінгі балалар үшін 50 пайыз жеңілдік қарастырылған. Жалпы облысты еліміздің ірі қалаларымен әуе жолы арқылы байланыстыру өңірді дамытудың кешенді бағдарламасына енген. Келер жылы тағы бірнеше бағыт бойынша рейс ашу жоспарда.
Осы уақытқа дейін ең басты сұраныс Шымкент қаласына болды. Біз енді оны қолға алып, осы 11 қазаннан бастап ашып жатырмыз. Ендігі сұраныс Өскемен мен Балқаш қаласына. Осы екеуіне ашқаннан кейін Ақтау қаласын қолға аламыз, сол бағытта жұмыс істейміз, - дейді облыстық жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасының бөлім басшысы Ернұр Еділбаев.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді