23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Жезқазған жұртшылығын жер асты көздерінен келетін таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған ауқымды жоба 50%-ға дайын, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазір шекті межесі 51 шақырым болатын «Үйтас Айдос» су құбырының бүгінгі таңда 22 шақырымы жаңартылды.
Ал қазіргі уақытта 5 шақырым жаңа құбыр тартылуда. Осылайша қалған шақырымдық жұмыстар биыл аяқталуы тиіс. Қазіргі уақытта су астымен 20 метр тереңдікке дейін салынып жатқан құбырлар шаруашылық-ауыз су тазарту орталығына жеткізіледі. Нәтижесінде, облыс орталығының халқы келер жылы сапалы тіршілік нәрімен қамтамасыз етіледі деп күтіліп отыр.
Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы Кеңгір су қоймасы арқылы жүргізіліп жатқан құбыр тарту жұмыстарын бақылап, жылу беру маусымына дейін аяқтауды тапсырды.
Айта кетейік, 2022 жылы қолға алынған күрделі жобадағы құбырлардың қалыңдығы 14, диаметрі 800 милиметрді құрайды. Аталған құбырлар ұзақ жыл шіріп кетуден сақтау үшін оқшауланған және қауіпсіздік мақсатында сырты ағашпен қапталған.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік