Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыЖезқазған-Қызылорда автожолының құрылыс жұмыстары басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы ұзындығы 208 шақырымды құрайтын «Жезқазған-Қызылорда» жобасын орындауға кірісті.
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашев Ұлытау облысына іссапар барысында «Жезқазған-Қызылорда» республикалық маңызы бар автомобиль жолының құрылыс жұмыстарының барысын қадағалап, облыс әкімі Дастан Рыспековке автожолдың қайта жаңарту жобасын таныстырды.
Жалпы ұзындығы 426 шақырымды құрайтын «Қызылорда-Жезқазған» автожолының қайта жаңарту жобасы Ұлытау және Қызылорда облыстары арқылы өтеді. Ұлытау облысы бойынша қайта жаңарту жұмыстары аясында жолды ІІІ техникалық санаттан ІІ техникалық санатқа ауыстыруды жоспарлап отырмыз, - деп хабарлады «ҚазАвтоЖол» басшысы.
Ұлытау облысы бойынша «Жезқазған-Қызылорда» автожолының 216-424 шақырымы аралығындағы учаскесін 2026 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары