Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекЕліміздің төрт өңірін жалғайтын «Жезқазған – Петропавл» автожолы толық жөндеуден өтпек, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Көлік министрлігінің мәліметінше, бұл жолда орташа жөндеу жұмыстары 2024 жылы басталып, 590 шақырым жол қамтылды. Биыл тағы 113 шақырым жолды жөндеу жоспарланып отыр.
Көлік министрі Марат Қарабаев Қостанай облысының Арқалық қаласына іс-сапары барысында сөз етілген жолдың жағдайын тексеріп, өткен жылғы жол-құрылыс маусымының нәтижелерімен танысты. Аталған автожолдың жалпы ұзындығы 940 шақырымды құрайды. Оның 125 шақырымы Қостанай облысының аумағымен өтеді, - делінген мәліметте.
«Жезқазған – Петропавл» тасжолы – Арқалықты облыс орталығы Қостанаймен, сондай-ақ Астана және Жезқазған қалаларымен байланыстыратын негізгі көлік артериясы.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?