Кеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс
Жезқазған қаласында «Тұлға» сыйлығын тапсыру салтанаты өтті. Бұл мәртебесі зор іс-шара мемлекет және қоғам қайраткерлері Сәкен Сейфулин мен Ахмет Байтұрсыновтың 125 жылдығы мен ел газеті «Егемен Қазақстанның» 100 жылдық мерейтойларына арналды.
Атаулы да маңызды шараны халыққа қалтқысыз қызмет етудің тамаша үлгісін көрсетіп жүрген Арқа даласының Атымтай азаматы, Қарағанды облысы Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары, облыстық мәслихаттың депутаты Бекзат Алтынбеков ұйымдастырып отыр.
«Тұлға» сыйлығы – Тәуелсіз Қазақстан қоғамындағы өнер мен мәдениеттің шамшырағын жағып, білім мен ақпарат саласының басы қасында жүрген кәсіби һәм талантты жандарға арналған. Басты мақсат – бүгінгі заманның тұлғасын анықтап, оны көзі тірісінде құрмет биігіне шығарып, имиджін көтеру, жаңа белестерге ынталандыру әрі шабыттандыру», - дейді Бекзат Қомарұлы.
«Тұлға» сыйлығының иегерлері арнайы мүсінмен, дипломмен, естелік төсбелгісімен және қомақты қаржылай сыйлықпен марапатталды. Олардың ішінде, ақпарат саласындағы еңбегі үшін Қайрат Әбілда, Хамит Есаман, театр сахнасының саңлақтары Досжан Жанботаев, Қайрат Кемалов, жас артистер Қуаныш Жағыпар, Дархан Сүлейменов және тағы басқалары бар.
Салтанатты шара кең ауқымды қамтыды. Бағдарлама жоспары бойынша құрметті қонақтар алдымен Қаныш Сәтбаев, Кетбұқа би және Сәкен Сейфуллиннің ескерткіштеріне тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды. Одан әрі №8 қазақ гимназиясында «Егемен Қазақстан» газетінің басшысы, белгілі журналист Дархан Қыдырәлімен кездесу өтті.
Бұдан соң, Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қайырымдылық керуені» аясында көп балалы Ахметовтер, Бейсенбаевтар отбасына қаржылай көмек және тұрмысқа қажетті заттар табысталды.
Бірегей әрі маңызды салтантты мерекеде қолөнер шеберлерінің көрмесі мен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.
Кеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды