23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіЖетісу облысында полицей ес-түссіз жатқан азаматтың өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Текелі қаласында болған оқиға нағыз қызметтік адалдық пен жанқиярлықтың үлгісіне айналды. Үйіне оралған бала пәтерінің есігін аша алмай қалған. Сасқалақтамай, ол көршілерінен көмек сұраған.
Бірге үйдің есігіне көтерілген сәтте іштен өткір иіс — көміртек газының иісі сезілген. Жағдайдың қауіпті екенін түсінген олар бірден “102” арнасына хабарласқан. Шақырту орнына жедел түрде Текелі қалалық полиция бөлімінің патрульдік полиция тобының қызметтік аға инспекторы Бауыржан Нұрмұхамбетов жеткен.
Жағдайды бағамдай отырып, офицер батыл шешім қабылдады — көрші пәтердің балконы арқылы ішке кіріп, ес-түссіз жатқан 45 жастағы ер адамды сыртқа алып шықты.
Полиция қызметкерінің, өрт сөндіру қызметі мен жедел жәрдем бригадасының үйлесімді әрекеттерінің арқасында зардап шеккен азаматқа дер кезінде алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Қазір оның жағдайы тұрақты.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады