Бүгiн, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыҚаблиса ауылының тұрғыны асылтұқымды ешкі өсіріп, сүтінен қымыран жасап, сатады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі 24.kz-ке сілтеме жасап.
Қазір ауылдың өзінде ешкі сүтіне сұраныс арта бастаған. Литрі 600 теңге. Ал аша тұяқтыны бағып отырған азамат 2016 жылы 1 млн теңге грант ұтып, 10 шақты ешкі сатып алған. Ауласындағы Сексек ата төлінің саны қазір 110 басқа жетті. Ол альпілік және занин тұқымдарын асырайды. Кезінде асқазанында ойық жарасы болған шаруа одан қазір құлан таза айыққан. Өзі жақсылап қараса, әрбір асылтұқымды ешкінің күніне 5-6 литрге дейін сүт беретінін айтады.
Болашақта шаруашылығын кеңейтіп, науқас жандар мен балаларға арналған тағам түрлерін өндіретін шағын цех ашқысы келеді.
Ешкі сүтінің ана сүтімен айырбастауға болатын бір қасиеті бар екен. Бір асыл сиырдың жем-шөбіне 5 ешкіні бағып, өсіруге болады қысы жазы. Ал 5 ешкіден 2-3 сиырдың өнімін алуға болады, ақшасын. Құнды ғой бұл. Сиырдан шығыны аз, бірақ, кірісі мол болады екен, - дейді ауыл тұрғыны Өмірбек Қазбекұлы.
Бүгiн, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыКеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек