Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыЖетісу облысында еліміздегі тұңғыш «Мизам» жылжымалы әдебиет мектебі құрылды. Мақсат - шығармашыл жастардың шабытын шыңдау, жастарды ақындық өнерге баулу, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мәдениет және ақпарат министрлігі аудан, ауылдағы жас талаптарды танымал қаламгерлер өздері іздеп барып оқытуы мектептің басты ерекшелігі екенін атап өтті.
Әдебиет мектебіне шығармашылыққа қызығушылығы бар 6-10 сынып аралығындағы оқушылары қатыса алады. Үш айға созылатын оқу бағдарламасын 200 бала оқып бітіреді деп жоспарланған.
Сабақ соңында үздік нәтиже көрсеткен оқушылар ақтық сынға арналған шығармашылық байқауға жолдама алады. Байқау қоғамда оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында Мемлекет басшысы бекіткен «Ұлттық кітап күні» мерекесі қарсаңында өтеді.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді