22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыТалдықорған қаласында Жетісу облысының «Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері мен перспективалары» тақырыбында өңірлік Азаматтық форумы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Екі күнге жалғасқан жиын азаматтық қоғам мен мемлекет диалогын дамытудың негізгі алаңдарының бірі болып саналатын Қазақстанның кезекті ХІ Азаматтық форумы аясында ұйымдастырылған.
Өңірлік форум жұмысына еліміздің барлық 17 облыстары мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан, республикалық, облыстық ҮЕҰ-дан, саяси партиялардан, діни бірлестіктер мен бизнес өкілдері, әр түрлі деңгейдегі депутаттар, жалпы 200-ге жуық адам қатысты.
Бірінші күні секциялық отырыстар, семинарлар, Жетісу облысының ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі Кеңесінің кеңейтілген отырысы өткізілді.
Сонымен қатар форумға қатысушылар «OCHAQ тұрақты даму орталығы» ҚБ жұмысымен танысты. Бұл ҮЕҰ, оның қызметі Көксу ауданы Жарлыөзек ауылының экологиялық, экономикалық және әлеуметтік мәселелерін шешуге, ауыл тұрғындарын тұрақты даму мүддесінде кешенді қолдауға бағытталған.
Форумның екінші күнінде пленарлық отырыс өткізілді. Сондай-ақ секциялық алаңдарымен қатар, пікірталас алаңдары, үздік әлеуметтік жобалар көрмесі мен серіктестік келісімдерге ұласты.
Жетісу облысында бастау алған Өңірлік азаматтық форум жұмысы әрі қарай еліміздің басқа өңірлерде де жалғасын табатын болады.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев