Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіЖетісу облысында «Учаске» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында облыстық полиция департаментінің криминалдық полиция қызметкерлері прокуратурамен бірлесіп, ұзақ уақыт бойы ірі қара мал ұрлығымен айналысып келген қылмыстық топтың әрекетін әшкереледі, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Polisia.kz мәліметінше, жедел-тергеу іс-шаралары барысында қаскөйлердің бір шаруа қожалығының аумағынан 43 бас ірі қара мал ұрлағаны анықталды.
Үш ер адам қараусыз қалған үйде ұсталды. Тәртіп сақшылары сол жерден 28 бас малды, 15 малдың сойылған және бөлшектелген бөліктерін, сондай-ақ 6 пышақ пен 3 кесінді арқанды тапты. Бұл заттардың бәрі қылмыстық әрекетте қолданылған. Ұсталған үш адам қамауға алынды. Тағы үш күдіктіге қатысты жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде, - делінген мәліметте.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады