Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіЖетісуда есірткі зертханасын ұйымдастырған екі азамат ұзақ мерзімге сотталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Облыс аумағында екі азамат алдын-ала сөз байласу арқылы, мефедрон психотроптық затын дайындау жөніндегі зертхананы іске қосып, сондай-ақ аса ірі мөлшерде (23 келі) психотроптық затты өткізу мақсатында тасымалдауды және сақтауды жүзеге асырған.
Қылмыстық ниеттерін жүзеге асыру мақсатында олар есірткі затын дайындауға арналған арнайы жабдықтармен жабдықталған үй сатып алған.
Сот үкімімен екі есірткі сатушы да кінәлі деп танылып,әрқайсысы 10 жылға бас бостандығынан айырылды (ҚР ҚК
297-бабы 3-бөлігі 1, 3-тармақтары бойынша).
Есірткі сату және тарату халықтың денсаулығына қарсы қылмыс болып табылатынын атап өту керек.
Облыс прокуратурасы біздің азаматтарымызға, әсіресе жастарға есірткі өткізу аса ауыр қылмыс және одан түскен «жеңіл ақша» үшін 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделгенін ескертеді.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады