10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыЖетісу облысында медициналық ұйымдарға 29 жаңа көлік берілді. Тозған санитариялық автокөлікті жаңарту, оның ішінде шалғайдағы ауылдардан шақыртуларға қызмет көрсетудің жеделдігі мен сапасын арттыруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, атокөліктер Ақсу, Алакөл, Ескелді, Кербұлақ, Көксу, Панфилов, Сарқан және Қаратал сияқты сегіз аудандық орталық ауруханалардың арасында бөлінген. Сондай-ақ Талдықорған қалалық емханасының, қалалық көпбейінді аурухананың, облыстық көпбейінді клиниканың және фтизиопульмонологиялық орталықтың автопарктері жаңартылды.
Көлік құралдары пациенттерді тасымалдауға арналған құралдарды, оттегі баллондарын, инфузиялық терапия аппараттарын және басқа да қажетті жабдықтарды қоса алғанда, шұғыл медициналық көмекке арналған заманауи жабдықтармен жабдықталған. Автопаркты осылай жаңарту медициналық көмектің келу уақытын қысқартып қана қоймай, оның сапасын арттырады, бұл әсіресе төтенше жағдайларда маңызды.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді