Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыЖетісу облысында 15 мың адам ауыз сусыз қалды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Кербұлақ ауданындағы Сарыөзек ауылының басты мәселесі – ауыз судың жиі үзілуі. Тұрақты апаттардың салдарынан ауыл тұрғындары жазда да, қыста да апталап сусыз қалады. Күз келгелі ауылда жаңа мәселе туындады.
20 миллион теңге қарыздың кесірінен жергілікті билік бүкіл ауылға ауыз су беруді белгісіз мерзімге тоқтатқан.
Сорғы станцияларына энергия беру тоқтатылды. Оған «Күреңбел су ПВХ» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының «Жетісу Энерготрейд» ЖШС алдындағы қарызы себеп болды. Бүгінгі күні берешегі 20 млн теңгеден асады. Сарыөзек кентінде тұрғындармен әңгіме жүргізіліп, нәтижесінде 132 мың теңге өндірілді. Бүгінгі таңда ауылдағы жеке тұлғалардың қарызы 10 миллион теңгеден астам, ал шаруашылық субъектілерінің қарызы 10 миллионнан астам теңгені құрап отыр, - деп хабарлады Кербұлақ ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
Әкімдік ауыл тұрғындарын қызмет көрсету мекемелеріне қарыздарын тез арада өтеуді сұрайды. Сарыөзек ауылында су қашан қалпына келтірілетінін жергілікті билік әзірге нақтылаған жоқ.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар