Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекЖетісуда жас әйелге қарақшылық шабуыл жасады деген күдікпен екі адам ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz телеграм каналына сілтеме жасап.
21 сәуір полицейлерге Көктал ауылындағы жеке үйге қарақшылық шабуыл жасалғаны туралы хабарлама түсті. Үй иесі 28 жастағы әйел, айғақтарына сәйкес маска киген екі белгісіз ер адам үйге басып кірген.
Белгілі болғандай, әйелді байлап, пышақпен қорқытып, қолма-қол ақша талап етіп, тұншықтырған. Нәтижесінде, ойлағандарын іске асыра алмай, екі қымбат телефон, гауһар тастары бар зергерлік бұйымдар, ноутбук, әмиян және аулада тұрған Toyota Camry көлігін ұрлап кеткен.
Шығын - 22 млн теңге.
Аудандық полиция қызметкерлері облыстық КПБ және ҰҚҚКБ жедел уәкілдерінің көмегімен күдіктілерді анықтады. Олардың бірі 23 жастағы жергілікті тұрғын, екіншісі Көксу ауданының бұрын сотталған 29 жастағы ер адамы болып шықты. Екеуі де ұсталып, қамауға алынды. Ұрланған заттардың барлығы заңды иесіне қайтарылды, - деді Панфилов аудандық ПБ бастығының орынбасары Ернар Қалтаев.
ҚР ҚК 192-бабының 4-бөлігі бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?