23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіЖетісу облысының ең негізгі табиғи әрі туристік көрнекті жерлерінің бірі – Бұрханбұлақ сарқырамасына апаратын жолдың құрылысы келесі жылы басталады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы облыс әкімі Ескелді ауданының тұрғындарымен кездесуде мәлімдеді.
Ескелді ауданы – туристік әлеуеті жоғары өңірлердің бірі. Осы жылдың 10 айында туристерді қабылдайтын нысандарда 41 мың адамға қызмет көрсетіліп, соның ішінде ақылы қызмет көрсету көлемі 25 млн. теңгеге жетті. Осы ретте Бұрқанбұлақ сарқырамасына апаратын 31 км автожолды жөндеу жұмыстары келесі жылы басталатынын атап өту керек. Бұл мақсатқа 2025 жылы республикалық бюджеттен 3 млрд. теңге қаражат бөлінеді. Сондықтан туризмді дамыту үшін инфрақұрылымды жақсартып, жаңа қонақ үйлер, демалыс базаларын салып, жолдарды жөндеу қажет. Интернет-ресурстар мен әлеуметтік желілер арқылы көрікті жерлерді кеңінен насихаттап, экотуризм мен агротуризм бағыттарын дамыту керек, - деп атап өтті өңір басшысы Б. Исабаев.
Еске салсақ, Жетісудың туризм саласы 5 дестинацияның әлеуетін тірек етеді. Олар - Алакөл мен Балқаш көлдері, «Алтынемел» және «Жоңғар Алатауы» ұлттық парктері, Жоңғар Алатауының таулы алабы.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады