10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыЖетісу облысында полиция ірі мөлшерде есірткі сақтаған күдіктіні құрықтады. Бұл туралы Polisia.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде облыстық прокуратураның үйлестіруімен облыстық полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі заттарын аса ірі мөлшерде сақтады деген күдікпен 49 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.
Күдіктінің тұрғылықты жері бойынша тінту іс-шараларын жүргізу кезінде құқық қорғау органдары есірткі заттарының едәуір мөлшері алынды. Сонымен қатар өсірілген қарасора бұталары тәркіленді, - делінген мәліметте.
Сараптама қорытындысына сәйкес, кептірілген марихуананың жалпы салмағы 3 келі, кептірілмегені – бір келіден асады. Белгілі болғандай, ұсталған адам радикалды діни идеологияның жақтаушысы болып табылады. Қазіргі уақытта ер адам қамауға алынды, тергеу әрекеттері жалғасуда.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді