Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар36 жастағы алматылық Дамир Кушеев Текелі қаласының маңындағы тауларда хабар-ошарсыз жоғалып кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ол 7 маусым Қора шатқалындағы Бұрқан бұлақ сарқырамасына спорт велосипедімен барып, бөгеттің жанында тұрып эфирге шыққан, сол жерде жергілікті қорықшымен шай ішкен.
Байланыс үзілгеннен кейін Кушеевтің жұбайы оны табуға көмектесу туралы Төтенше жағдайлар департаментіне өтініш білдірген. Арызды Ескелді ауданының полицейлері де тіркеп, жедел іздестіру шараларына кірісті. Қазір таулы аймақта полицейлер мен ТЖД-нің қызметкерлері, кинологтар іздестіру иттерімен ер адамды іздеп жатыр, - делінген ҚР ІІМ таратқан мәліметте.
Дамир Кушеев TikTok желісінде түрлі көрікті жерлерге велосипедпен бару арқылы танымал болған.
Жоғалып кеткен ер адамның орналасқан жері туралы ақпаратыңыз болса, мына байланыс нөмірлеріне хабарласыңыздар: 8 747 558 1508, 708 252 2008, 102 немесе 112.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?