Кеше, 17:41
ӘЧ-2026: қай құрама финалға жолдама алады?
Жетісу облысы әкімінің өкімімен Ермек Сүндетбайұлы Ақшабаев Жетісу облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы болып тағайындалды, – деп хабарлайды El.kz.
Ермек Сүндетбайұлы 1984 жылы туған, білімі жоғары.
Ж.Мусин атындағы қазақ педагогика колледжін «мемлекеттік тілде оқымайтын мектептегі қазақ тілі мен әдебиеті», академик Жолдасбеков атындағы құқық және экономика институтын «қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын Көксу ауданы Амангелді орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі болып бастаған.
Кейін Көксу ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы, Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының жетекші маманы, бас маманы қызметтерін атқарды.
2017 жылдың қыркүйегінен бүгінгі күнге дейін Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы ономастикалық жұмыс және талдау бөлімінің басшысы болды.
Кеше, 17:41
ӘЧ-2026: қай құрама финалға жолдама алады?7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай