Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыҚаратал ауданы Үштөбе қаласындағы жеке тұрғын үйде көлемі 5 литр болатын газ баллоны жарылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
"Оқиға салдарынан төрт адам, оның ішінде бір бала медициналық мекемеге жатқызылды. 1956 және 1980 жылы туған екі әйел денесінің 40-50% күйіктерімен жансақтау бөлімінде жатыр. 1961 жылы туған ер адамның қолын орташа ауырлықта күйік шалған, 2019 жылы туған бала қол мен аяқтың жеңіл күйіктерін алған", - делінген хабарламада.
Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 5 қызметкері 2 бірлік техника күшімен өртті сағат 14.15-те сөндірді.
Өрт қатты отынмен жылытылатын пештің жанындағы 5 литрлік газ баллонының жарылуынан болған. ТЖД азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға және газ баллондарды жылыту пештерінің жанында және басқа да жылдам қыздыру тәсілдері арқылы жылытпауға кеңес берді.
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек