12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікЖетісу облысында жол апатынан бір адам қаза тауып, екі адам жарақат алды. Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
7 мамырда Жетісу облысының Ақсу ауданында Hyundai Tucson және ГАЗ-53 автокөліктері соқтығысты.
Алматы-Өскемен тас жолының 360 шақырымында кроссовердің жүргізушісі жүк көлігін басып озуға әрекеттеніп, онымен жанама соқтығысып, нәтижесінде жол жиегіне шығып кетіп аударылған, - делінген мәліметте.
Салдарынан 54 жастағы әйел оқиға орнында көз жұмды. Hyundai жүргізушісі мен тағы бір жолаушы түрлі жарақаттармен жақын жердегі ауруханаға жеткізілді.
Жол-көлік оқиғасы бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер