6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерБүгін Талдықорғанда «Жетісу» кәсіби волейбол клубына арналған заманауи волейбол орталығының, спортшыларға арналған төрт қабатты тұрғын үйдің салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Волейбол орталығында ерлер мен әйелдер құрамаларының негізгі командалары, жастардың қос командалары үшін екі бөлек жаттығу залы бар.
«Жетісу» клубы үшін заманауи волейбол орталығының ашылуы спортшыларымыздың кәсіби өсуіне, өзіміздің жас кадрларды тәрбиелеуге қолайлы жағдай туғызуда. Алдағы уақытта «Жетісу» волейбол клубының Академиясын құрамыз. Оған орта мектептерден волейболға қабілеті бар балалар іріктеліп алынады. Бұл академияда олар жалпы білім беру бағдарламасын меңгеріп қана қоймай, волейболмен қарқынды түрде айналысатын болады, - деді облыс әкімі Бейбіт Исабаев.
Жаңа волейбол орталығында екі жаттығу бөлмесі бар. Яғни, әйелдер мен ерлер командалары бөлек жаттығады. Волейбол орталығының үш қабатты ғимаратының жалпы ауданы 2,3 мың шаршы метрден асады.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі