22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыЖетісу облысында "Заң мен Тәртіп" қағидаты және "Таза Қазақстан" акциясы аясында үш мурал ашылды, деп жазады El.kz интернет порталы.
Жетісу облысында өңір әкімдігінің, "Жетісу жастары" КММ мен полиция департаментінің қолдауымен әділдік, азаматтық жауапкершілік және экологиялық мәдениет тақырыптарына арналған үш мурал ашылды. Жоба Президенттің "Әділетті Қазақстан" идеологиялық бағдарламасы аясында жүзеге асырылып, белсенді және саналы қоғам қалыптастыруға бағытталған. Муралдар "Таза Қазақстан", "Адал Азамат" және "Заң мен Тәртіп" тұжырымдамаларының негізгі бағыттарын бейнелейді.
Монументалды сурет өнері нысандары Сарқан және Үштөбе қалаларында, сондай-ақ Көксу ауданының Балпық би ауылында орналасқан. Бұл көркем туындылар қала көшелерін көріктендіріп қана қоймай, "Әділетті Қазақстан" идеясының – тазалық, адалдық және заңдылықтың символына айналды.
"Таза Қазақстан" акциясы тұрғындарды қоршаған ортаны таза әрі қауіпсіз етуге үндесе, "Заң мен Тәртіп" қағидаты заңды сақтау, қоғамдық тәртіп пен әр азаматтың жеке жауапкершілігінің маңызын айқындайды.
Полиция мен өңірдегі жастар ұйымдарының бірлескен жұмысы құқықтық сананы нығайтуға, экологиялық мәдениетті дамытуға және жас ұрпақтың заңға, қоршаған ортаға деген құрметін тәрбиелеуге бағытталған.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев