28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарЖетісу облысында ТЖМ қызметкерлері суға батып бара жатқан екі балықшыны құтқарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бүгін Жетісу облысы Ескелді ауданының Қарабұлақ ауылындағы №13 өрт сөндіру бөліміне жұмыс істемейтін қант зауытының тоғанында адамның суға батып бара жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.
Оқиға орнына өрт сөндірушілер жедел жетіп, жағадан 60 метр қашықтықта суда қайыққа жармасып тұрған екі адамды байқады. Құтқарушылар қайықты арқанмен бекітіп, оларды жағаға алып шықты. Өрт сөндірушілердің кәсіби әрі жедел әрекеттерінің арқасында адамдар аман қалды.
Оқиғаның мән-жайын анықтау барысында 1962 және 1988 жылы туған екі азаматтың қауіпсіздік талаптарын бұзып, құтқару кеудешесін кимей балық аулауға шыққаны белгілі болды. Олардың біреуі қайықтан абайсызда аударылып кеткен, ал екіншісі алдымен құтқару қызметіне қоңырау шалып, көмек сұраған, содан кейін досын құтқаруға ұмтылған. Алайда өзі де судан шыға алмай қалған. Судың төмен температурасына байланысты екеуі де қатты тоңып қалған.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?