Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыЖетісу облысының табиғат қорғау прокуратурасы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының заңсыз әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Облыстық Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының мәліметінше, Көксу ауданында орналасқан қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының жұмысында өрескел бұзушылықтар анықталды.
Полигон өз қызметін мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысынсыз және қоршаған ортаға ластағыш заттарды шығару рұқсатынсыз жүзеге асырған.
Полигонды жабуға, жерлерді рекультивациялауға, ластануға бақылау жүргізуге арналған тарату қоры құрылмаған, онсыз полигонды пайдалануға тыйым салынады. Оның үстіне полигонда қоқыс жинау шегінен екі есе асып кеткен, - делінген мәліметте.
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша құқық бұзушы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 328-бабы бойынша 340 млн теңгеден астам сомаға айыппұлмен жауапкершілікке тартылды.
Полигон сенімгерлік басқарудан алынып, мемлекетке қайтарылды.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары