6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерЖетісу облысында қызметкерлерін еңбек демалысына жібермей, құқықтарын бұзған мектеп директоры жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Облыстық прокуратура мәлімдеп отыр.
Өңірде білім беру мекемелерінде жұмыс істейтін 2 мыңнан астам мұғалім мен қызметкердің конституциялық құқықтары қалпына келтірілді. Тексеру барысында Ақсу ауданындағы 35 орта мектепте Еңбек кодексі талаптарының сақталмағаны анықталды. Еңбек кодексінің 97-бабының 3-бөлігіне сәйкес жұмыс беруші қызметкердің өтінішінен кейін бес күнтізбелік күн ішінде ақысыз демалыс беруі тиіс деп көрсетілген. Алайда осы талаптарға қарамастан мектеп директорлары қызметкерлерге мұндай демалысты беруден бас тартқан. Прокурорлық қадағалау актісі бойынша мұғалімдер мен білім беру мекемелерінің басқа да қызметкерлерінің конституциялық құқықтары қалпына келтірілді, – делінген Прокуратура хабарламасында.
Осы іске қатысты барлық кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылған.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі