Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Жетісу облысында құтқарушылар екі адамды құтқарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
22 шілде күні Сарқан ауданы «Санжар» демалыс аймағының жанындағы Балқаш көлінде патрульдеу кезінде 1978 жылғы әйел құтқарылды, ол өз күшін есептемей, жүзудің шекарасын белгілейтін буйкадан асып жүзіп кеткен. Құтқарушылардың қабылданған шараларымен әйел жағаға аман-есен жеткізілді.
Сондай-ақ сағат 17.20-да Жетісу облысы ТЖД-не Алакөл ауданының Ақши ауылында Алакөл көлінде 2012 жылы туылған қыз адасып жоғалып кетті деген тағы бір хабарлама келіп түсті. Құтқарушылардың көмегімен жоғалған қыз табылып, ата-анасына тапсырылды, - делінген облыстық ТЖД таратқан хабарламада.
Құтқарылғандарға медициналық көмек қажет болмаған.
ТЖМ азаматтардан ескерту белгілерін елемеуді, тек арнайы бөлінген және шомылуға жабдықталған орындарда шомылуды және судағы қауіпсіздік ережелерін мүлтіксіз сақтауды сұрайды.
Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары