Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыЖетісу облысында полицейлер мен құтқарушылар боранда жоғалған шопанды тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚР ІІМ мәліметінше, 16 ақпанда полиция қызметкерлеріне таңға жуық мал бағуға шығып кетіп, қайта оралмаған шопанның жоғалғаны туралы өтініш түсті. Алакөл аудандық полициясының жеке құрамы мен құтқарушылар із-түзсіз жоғалған адамды іздеуге бағдарланды.
Іздеу-құтқару жұмыстары барысында ер адам Алакөл ауданы Бұлақты ауылының маңынан, теміржол бойындағы вагоннан табылды.
Қатты қарлы боран мен жан-жақтың мүлдем көрінбеуінен мен барар жолымды жоғалтып алдым. Бірнеше сағаттан кейін мен кішкентай вагонды көріп, сол жерде боранның басылғанын күттім. Мені тауып, құтқарып алса екен деген тілекпен дұға етуден басқа еш амалым қалмады, өйткені мен мына аязда өз аяғымды мүлдем сезбей қалдым. Дұғаларым орындалып, полицейлер мен құтқарушылар аман-сауымда мені тапты. Мен оларға жанқиярлық еңбектері үшін үлкен ризашылығымды білдіремін, – деді ер адам.
Ер азаматтың қолдары мен аяқтары үсіп қалған. Құқық қорғау органдары ер адамды дереу Үшарал қаласының орталық аудандық ауруханасына жеткізді.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары