12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікЖетісу облысында еріген қар суы бірнеше үйдің ауласы мен көшені басып қалды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі өңірлік Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
«5 наурызда ауа температурасының +15 с° дейін көтерілуінен қардың жылдам еруіне байланысты Жетісу облысы Кербұлақ ауданының Қызылжар ауылында ауылдың шығыс бөлігінде орналасқан егістіктерден еріген қар суы ағылды. Арық жүйесі тасқын су көлеміне төтеп бере алмай, су Шыныбек көшесін басып қалды, 4 аула аумағы су астында қалды», - делінген таратылған хабарламада.
Қаза болғандар, зардап шеккендер, сондай-ақ тұрғын үйлерді су басу фактілері тіркелменен.
Қазіргі уақытта жағдай тұрақты, су деңгейі төмендеді. Еріген су транзиттік режимде Байғазы өзеніне кетуде.
«Қазгидромет» РМК ескертуіне сәйкес, 6-8 наурыз аралығында күннің күрт жылынуына байланысты Жетісу облысында қар жылдам еріп тасқын су қалыптасады, тау беткейлерінен еріген қар суы ағып, өзен-көлдерде мұз әлсірейді, су деңгейі көтеріліп, арнасынан тасиды.
«Осыған байланысты тұрғындарды үйлеріне іргелес орналасқан арық желілері мен құбырлы өткелдерді қардан, мұздан және қоқыстан тазарту шараларын қабылдауға шақырамыз», - дейді Жетісу облысы ТЖД баспасөз қызметінен.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер