12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікЖетісу облысында барымташылар жайылып жүрген жылқыға оқ атқан, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Дерек Кербұлақ ауданында тіркелді. Онда полицейлер ұрланған жылқының тұтас етін автокөлікпен алып кетуге тырысқан үш күдіктіні ұстады. Күдіктілердің үшеуі де бұрын мал ұрлығы үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Белгілі болғандай, мал ұрлаушылар Долана ауылының маңындағы табынмен бірге жайылып жүрген жылқыны мылтықпен атып түсірген. Олар малды қылмыс орнында сойып, етті Toyota Camry автокөлігіне тиеп, оны Алматы қаласына өткізбек болған. Жол бойында күдіктілерді Кербұлақ АПБ қызметкерлері ұстады.
– Ұсталған үш күдікті қамауға алынды. Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 188-1-бабы 2 –бөлігі (Мал ұрлығы) бойынша тіркелді. Ұсталғандардан ұрланған жылқының тұтас еті мен терісі, атыс қарудың патрондары тәркіленді. Тергеу жұмыстарының аясында күдіктілердің осыған ұқсас сипаттағы басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілетін болады, – деді Кербұлақ АПБ бастығы Ербол Ахметқалиев.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер