Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыЖетісу облысында құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді өсіргені үшін ауыл тұрғыны ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Аталған дерек Сарқан ауданында тіркелді. Онда полиция қызметкерлері ҰҚКД қызметкерлерімен бірлесіп «Қарасора-2023» профилактикалық іс-шарасының аясында Қарғалы ауылының 35 жастағы тұрғынын ұстады. Ер адам өзінің жеке тұрғын үй учаскесінде құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсірді деп күдікке ілінді.
Ауыл тұрғынының бақшасынан 100 түптен астам өсірілген марихуана табылды. Өсімдіктер тамырымен жойылып, тәркіленді. Тексеру кезінде кептірілген марихуана және есірткі заттарын тұтынуға арналған әртүрлі құрылғылар табылды. Қазір аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, – деді Жетісу облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.
Соңғы бірнеше күнде облыстың Сарқан ауданы, Талдықорған және Жаркент қалаларында құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді өсірудің 3 дерегі тіркелді.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары