Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыЖетісу облысында дене шынықтыру пәнінің мұғалімі өз әріптесінің автокөлігін ұрлаған леген күдікке ілінді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz телеграм каналына сілтеме жасап.
Бұл факт Жаркент қаласында тіркелді. Онда 6 сәуірде аудандық полицияға Mazda-626 көлігі ұрланғаны туралы хабарланды. Көліктің иесі мектеп мұғалімі болып шықты, ол байқаусызда кілтті көлікте қалдырған, соны белгісіз адам пайдаланып, көлікті айдап кеткен.
Іздеу шаралары барысында патрульдік полиция қызметкерлері ұрланған көлікті қала шетіндегі үйлердің бірінен тауып алып, заңды иесіне қайтарды.
Күдікті, жәбірленуші сияқты, білім беру мекемесінің қызметкері және жергілікті мектептердің бірінде дене шынықтыру пәнінен сабақ береді.
Іс бойынша тергеу амалдары ҚР ҚК-нің 200-бабына сәйкес жүргізіліп жатыр.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар