28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарБиыл Жетісу облысында жоспар бойынша жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 584 млрд. теңгеден асады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі өңір әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Саланы қолдауға осы жылы 34,9 млрд. теңге бөлінді, оның 23,2 млрд. теңгесі – субсидия. Мемлекеттік қолдау шаралары 2,5 мыңға жуық субъектіге көрсетілді.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, биыл өңірдегі ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабы 524,8 мың гектарға жетті. 432,5 мың га жаздық дақыл, оның ішінде дәнді дақылдар – 309,3 мың га, майлы дақылдар – 90,4 мың га, қант қызылшасы – 12,6 мың га, картоп – 10,9 мың га, көкөністер мен бақша дақылдары 9,3 мың га егілді.
Осы жылдың қаңтар-сәуір айларында ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 1,2%-ға ұлғайып, 57,8 млрд.теңгені құрады. Жалпы 2024 жылы Жетісу облысында 2 млн.тонна ауыл шаруашылығы өнімін жинау жоспарлануда, ал жалпы өнім көлемін 584,4 млрд. теңгеге дейін жеткізу көзделіп отыр.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?