Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады«Ауыл аманаты» бағдарламасы ауылдағы кәсіпкерлікті, соның ішінде ұлттық нақыштағы қолданбалы кәсіпті дамытуға да зор серпін беруде. Соның жарқын мысалдары ретінде мемлекеттік қолдаудың арқасында Ақсу және Панфилов аудандарында кәсіпкерлер тігін цехын жүргізе бастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ақсулық Қарлығаш Тұмарбай – атажұртқа 2006 жылы оралған қандас. Ол 2008 жылдан бері тігін ісімен айналысып келеді. «Ауыл аманаты» жобасымен 4,8 млн теңге несие алды. Үйінің ауласында шағын тігін шеберхана ашқан. Жобаға қатысып, алған несиесіне кәсібін одан әрі дамыту үшін жүн мен мақта түтетін және матрац тігетін заманауи автоматтандырылған аппараттар сатып алған.
Негізінен қыз жасауына, үйде күнделікті қолданғанға көрпе-жастықтар мен матрацтар тігуге тапсырыс аламыз. Тапсырыс беруші егер көрпенің жүннен жасалғанын қаласа, қойдың жүнін жуып, тазалап, кептіріп алып келеді. Ал мақтадан жасалғаны керек болса, біз өзіміз Алматыдан арнайы сатып алған мақтамызды қолданамыз. Қыздың жасауына тапсырыс көп түседі. Және оған негізінен мақтадан жасалатын көрпелерді алады. «Махаббат» көрпесі, құрақ көрпе, төсек көрпе, жамылғы көрпе сияқты түр-түрін арнап тігеміз, - дейді кәсіпкер Қ. Тұмарбай.
Бүгінде жанына бір көмекші алып, ауылдасын жұмыспен қамтып отыр. Жаз мезгілінде жұмыс көлемі артқанда қосымша тағы бір адамды жұмысқа тартамын дейді кәсіпкер. Ол өз кәсібін Инстаграм әлеуметтік желісіндегі t_karlygash парақшасы арқылы насихаттап отыр.
Жалпы Ақсу ауданы бойынша «Ауыл аманаты» жобасы аясында 91 жобаға 513,5 млн. теңге шағын несие беріліп, бұл ауыл азаматтарының өз жеке істерін ашуға үлкен септігін тигізді.
Ал Панфилов ауданы Сарыбел ауылдық округінің тұрғыны Минура Қасымжанқызы өткен жылдың шілде айында өз қаражатына екі арнайы аппарат сатып алып, тігін цех ашқан еді. Мұнан соң «Ауыл аманаты» жобасына қатысып, өткен жылдың желтоқсан айында 6,5 млн. теңге жеңілдетілген несиеге ие болды. Сөйтіп бұл қаржыны материалдық базасын нығайтуға жұмсап, мақта түтетін, матрац тігетін тағы 2 аппарат сатып алды. Қазір ол ауылының 2 тұрғынын жұмыспен қамтып отыр.
Заманау аппаратпен жұмыс істеген өте тиімді. Мамандар арнайы монитордың алдында отырып, барлық процесті басқарып отырады. Мәселен, жамылғы көрпені қабитын тігістің мұнда 380 түрі бар. Алдағы уақытта тігін машинкаларын сатып алып, тігіншілерді жұмысқа алсақ, өнім түрлерін көбейтсек деген ниетіміз бар. Кәсібіміздің кеңінен таралуына әлуметтік желіні пайдаланып келеміз, - деген Минура Қасымжанқызы Инстаграмдағы mamyk_korpesarybel парақшасын ашып көрсетті.
Жалпы Панфилов ауданында «Ауыл аманаты» бағдарламасының І, ІІ транштары бойынша 93 субъектінің жобасы мақұлданып, оларға жалпы көлемі 662 млн. теңгеден астам несие беріп, азаматтар шағын кәсіптерін бастаған.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары