Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерЖетісу облысындағы Жыланды ауылы Zhylandy Fest атты алғашқы халықаралық инженерлік фестивальдің алаңына айналады. Аталған шараға Қазақстанның түкпір-түкпірінен 200-ден астам жас өнертапқыш қатысады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Фестиваль бағдарламасында 14-18 жас аралығындағы оқушыларға арналған FIRST Tech Challenge сайысы мен колледж және жоғары оқу орындарының студенттері арасында өтетін Future Race автомарафоны жоспарланған. Автомарафонға қатысушылар баламалы энергия көздерімен жұмыс істейтін өз көліктерін ұсынады – ең аз энергия жұмсап, белгіленген қашықтықты жүріп өткен команда жеңімпаз атанады.
Сонымен қатар, фестиваль аясында еліміздің жетекші техникалық жоғары оқу орындарының көрмесі, ғылыми жобалар таныстырылымы, гранттар байқауы мен жас инженерлерге арналған менторлық сессиялар өтеді.
Инженерлік сайыстардың жеңімпаздарына жалпы сомасы 5 миллион теңгеден астам қаржылай жүлде, бағалы сыйлықтар және Қазақстанның жетекші техникалық жоғары оқу орындарына грант негізінде оқуға түсу мүмкіндігі беріледі.
Фестиваль Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен және USTEM Foundation қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өтеді.
Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі