Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыЖетісу облысының шалғай ауылдардағы мектептерге 8 жаңа автобус берілді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл жаңа көліктер оқушыларды тасымалдаудың қолайлылығын қамтамасыз етпек. Оның ішінде, Ескелді ауданының Бақтыбай және Алдабергенов ауылдарына, Қаратал ауданының Көкпекті, Кербұлақ ауданының Шанханай, Сарыбұлақ, Сарыөзек ауылдарына, Көксу ауданының Балпық би ауылына, Сарқан ауданының Черкасск ауылына мектептерге автобустар табыстады.
Біздің мектепте 122 оқушы бар, соның 15-і Аққайың ауылынан келіп оқиды. Бұған дейін оқушыларды тасымалдайтын ескі автобусымыз болған. Енді оның орнына жаңа, заманауи, қолайлы автобус берілді. Бұл жайлылық қана емес, балалардың қауіпсіздігі үшін де маңызды, - деп атап өтті Черкасск орта мектебінің директоры Бауыржан Ибраимова.
Бұл автобустар отандық өндіруші «Daewoo Bus Kazakhstan» ЖШС зауытында жасап шығарылған. Автобустарда қауіпсіздік белдіктері, ауа салқындату жүйесі, дыбыс зорайтқыш, сигнал түймесі бар. Сол сияқты дәрі қобдишасымен, өрт сөндіргіш және авариялық белгілермен жабдықталған.
Қазіргі уақытта Жетісу облысының мектептерінде 94 автобус оқушылар тасымалына қызмет көрсетіп келеді. Бұл автобустармен 87 елді мекеннің 2513 оқушысы тасымалданбақ.
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек