6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерЖетісу облысында полиция фармацевтикалық компанияға қарақшылық шабуыл жасап, 62 миллион теңге ұрлаған қазақстандықты ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алматы облысы Полиция департаментінің бастығы Бауыржан Аленов өзінің Instagram-дағы парақшасында тәртіп сақшыларының ер адамды Жетісу облысы Алакөл ауданының аумағында құрықтағанын жазды. Қылмыскер қарақшылық жасағаны үшін іздеуде жүрген еді.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Алматы облысының полицейлері Жетісу облысы Алакөл ауданының аумағында іздеуде жүрген 42 жастағы қылмыскерді ұстады, - деп жазды Бауыржан Аленов.
Ол ер адамның қарақшылық жасағаны үшін іздестірілгенін түсіндірді.
2019 жылдың сәуірінде ол атыс қаруымен қорқытып, фармацевтикалық компанияға қарақшылық шабуыл жасап, 62 миллион теңгені иемденді, - деді полиция бастығы.
Қазақстандық қамауға алынды, полиция қылмыстың барлық егжей-тегжейін анықтайды.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі