18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?Жаңа жыл қарсаңында Жетісу облысында тағы 105 отбасы қоныстой қуанышына кенелді. Талдықорған және Жаркент қалаларында кезекте тұрған азаматтарға тұрғын үй кілттері табысталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметінің дерегінше, Талдықорғанда көп балалы 25 отбасына «Береке» коттедж қалашығындағы үйлердің кілттері тапсырылған. Солардың бірі 7 баланың анасы Гүлнұр Нұрымбетова болып отыр.
Бұл менің отбасым үшін Жаңа жылға үлкен сый болды. Тұрғын үй кезегінде 10 жылдан астам тұрдым. Осы сәтті ұзақ күттік. Біздің отбасымызды қуанышқа кенелткен азаматтардың бәріне шын жүректен алғыс айтамын, - деді ол.
Жалпы Талдықорған қаласында кезекте тұрғандарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңмен жүргізілуде. Жыл басынан бері қалада 1283 пәтер берілді. Олар - негізінен жалға берілетін және несиелік тұрғын үйлер. Алдағы 2025 жылы кезекте тұрғандар тағы 1448 отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.
Ал Панфилов ауданының Жаркент қаласында 80 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді. Жаңа пәтерлерді әлеуметтік осал топ санатымен кезекте тұрғандар, жетім балалар, көп балалы отбасылар және басқа да санаттағы азаматтар алды.
Атап өтсек, жыл басынан бері Панфилов ауданында кезекте тұрған 700-ге жуық адам баспаналы болды.
18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр