6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерЖетісайда мектепке бармаған және құжаттары жоқ 7 жасар бала туралы тың мәліметтер белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Білім министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті бұл баланың інісінің де құжаты жоғын мәлімдеді.
Ағайындылар уақытша тұруға арналған арнайы мекемеге орналастырылған.
Балалардың туу туралы куәліктері қалпына келтірілді. Жеті жасар бала бірінші сыныпқа барды, ал інісі дайындық бөліміне барып жүр. Қазіргі уақытта екі бала да қауіпсіз және өздерін жақсы сезінеді. Өткен аптада Комитет қызметкерлері балаларға барып, олардың жағдайын біліп қайтты. Отбасына да қажетті көмек көрсетіледі, - деп хабарлады Балалар құқығын қорғау комитеті.
Белгілі болғандай, балалардың ата-аналары тірі. Комитет олар туралы құпия ақпаратты жариялай алмайтындықтарын атап өтті, бірақ олар отбасының қайта қосылуы үшін барлық жағдайды жасауға дайын.
Еске салайық, бұған дейін Жетісайда арба сүйреген 7 жасар баланың видеосы көпшіліктің жүрегін елжіреткенін жазған едік.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі