Жетісайда жүк көліктері соқтығысып, екі адам қыстырылып қалған

22 Ақпан, 20:00 742

Түркістан облысы Жетісай ауданында екі жүк көлігі соқтығысып, екі адам қыстырылып қалды. Оқиға бүгін, 22 ақпанда Алмалы ауылындағы Мақталы – Жетісай тас жол бойында болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы құтқарушыларға куәгерлер хабарлаған.

Облыстық ТЖД мәліметінше, бір адамды "103" қызметкерлері шығарып, дереу ауруханаға алып кеткен. Ал екінші адамды құтқарушылар гидравликалық қайшының көмегімен алып шығып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.

Құтқару жұмыстарына жеке құрамнан 5 адам мен 1 техника жұмылдырылған.

Оқи отырыңыз: 

Баян Әжмұхан
Бөлісу: