Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыОблыс прокуратурасы «Жетісай ауданының білім бөлімі» ММ бухгалтерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Тергеу барысында аталған мекеменің бухгалтерлері 2021-2023 жылдар аралығында алдын-ала сөз байласқан адамдар тобы болып, мектеп қызметкерлерінің анкеталық мәліметтерін өзгерту арқылы жалақыға бөлінген мемлекет ақшаларын аса ірі мөлшерде жымқырғандары анықталды.
Қазіргі таңның өзінде келтірілген залалдың соммасы 530 млн.теңгені құраған.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасымен 3 күдікті тұлға уақытша ұстау изоляторына қамалып, сот санкциясымен екі айға қамауға алынды.
Аталған қылмысқа басқа да тұлғалардың қатыстылығын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде. Өзге ақпараттар ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес жария етуге жатпайды.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар