30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыЕліміздің болашағы өскелең ұрпақ екені белгілі. 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне орай, «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» Жастар қанаты Алматы қалалық филиалы, «Жетім көрсең жебей жүр» демекші, 28 мамыр күні №1 Балалар үйінің тәрбиеленушілеріне «БАҚЫТТЫ БАЛАЛЫҚ» атты мерекелік концерт ұйымдастырды.
Мерекелік кешке «Нұр Отан» партиясы Бостандық аудандық филиалының Төрағасының бірінші орынбасары Н.О. Мәуленов, « Жас Отан» Жастар қанаты Алматы қалалық филиалының төрағасы А.Б. Халбеков және де «Сұңқар» студенттер кәсіподаңы мүшелері мен қаламыздың белсенді жастары қатысты.
Мерекелік кешке Еліміздің танымал өнер жұлдыздары Нұржан Керменбаев, Айгерім Қалмұратова, «Аяла» және «Саламат» тобы, сондай-ақ қаламыздың өзге де талантты жастары қатысып, жас тәрбиеленушілер мен кеш қонақтарына керемет мерекелік көңіл- күй сыйлады.
Шара барысында біз балалар үйінің тәрбиеленушілерінің махаббатқа сусап жүргенін аңғардық. Жас тәрбиеленушілер келген қонақтарды өздерінің аға-апаларындай қарсы алып, әншілермен бірге ән айтып, би де биледі. Тәп-тәтті бүлдіршіндеріміздің үлкенге деген құрметін, бауырмалдығын көргенде, сонымен қатар, ең сорақысы сондағы тәрбиеленіп жатқан бүлдіршіндердің 80%-ның ата-анасы өмірде бола тұрып, олардың екі көзі төрт болып, ата-ананың аялы алақанын аңсап жүргендерін естігенде, көзіңе еріксіз жас келеді.
Шара соңында жасөспірімдермен естелік суреттерге түсіп, бағалы сыйлықтар табыс етілді.
«Нұр Отан» партиясы
«Жас Отан» ЖҚ
Алматы қалалық филиалының төрағасы А.Халбеков
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды