23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?2019-2025 жылдары Қазақстанда 36,3 мың шақырым автомобиль жолы салынып, қайта жаңғыртылды және жөнделді. Сонымен қатар теміржол инфрақұрылымын дамыту бағытында жаңа желілер салынып, қолданыстағы учаскелер жаңартылып жатыр.
Автомобиль жолдарының құрылысы мен жөндеуі
Көлік инфрақұрылымын дамыту аясында 2019–2025 жылдары 5,2 мың шақырым автомобиль жолындағы құрылыс және қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды.
Ірі жобалардың қатарында Орталық – Шығыс (Астана – Павлодар – Семей) көлік дәлізі, Бейнеу – Ақжігіт, Таскескен – Бақты, Қостанай – Денисовка, Үшарал – Достық және Қандыағаш – Мақат бағыттары бар. Сондай-ақ Астана қаласының оңтүстік-батыс айналма жолы пайдалануға берілді.
2024 жылы Талдықорған – Өскемен, Қарағанды – Алматы, Ақтөбе – Қандыағаш, Атырау – Астрахань және Меркі – Бурылбайтал бағыттарындағы жұмыстар аяқталды.
Ал 2025 жылы Ұзынағаш – Отар (42 км), Қалбатау – Майқапшағай (405 км), Подстепное – Федоровка (72 км), Күрті – Қонаев (67 км) және Қызылорда – Жезқазған (192 км) жобалары іске асырылды.
Жеті жыл ішінде республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының 9 мың шақырымында жөндеу жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде 2025 жылы 2,4 мың шақырым жол жөнделген. Бұл – көрсетілген кезеңдегі ең жоғары жылдық көрсеткіш.
Бұдан бөлек, облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың 22,1 мың шақырымында құрылыс және жөндеу жұмыстары аяқталды. 2025 жылы жергілікті маңызы бар 4,1 мың шақырым жол қамтылды.
Теміржол инфрақұрылымы жаңартылып жатыр
Теміржол саласында да бірқатар ірі жоба жүзеге асырылуда. Соңғы жеті жылда Қазақстанда 911 шақырым жаңа теміржол салынды. Қазіргі уақытта тағы 800 шақырым теміржол желісінің құрылысы жүргізіліп, қолданыстағы 2,6 мың шақырымға жуық учаске жаңғыртылып жатыр.
Маңызды жобалардың бірі – ұзындығы 836 шақырым болатын Достық – Мойынты теміржол учаскесі. Бұл бағыт елдің транзиттік әлеуетін арттырып, Қазақстан мен халықаралық көлік дәліздері арасындағы жүк тасымалының көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар Алматы станциясын айналып өтетін 75 шақырымдық теміржол желісі салынды. Оның пайдалануға берілуі Алматы көлік торабына түсетін жүктемені азайтып, оңтүстік өңірдегі жүк пойыздарының қозғалысын оңтайландыруға жағдай жасады.
Қазір Дарбаза – Мақтаарал, Мойынты – Қызылжар және Бақты – Аягөз бағыттарында құрылыс жұмыстары жалғасып жатыр. Ал Алтынкөл – Жетіген, Бейнеу – Маңғыстау учаскелері жаңғыртылуда.
Бұған қоса, Қызылжар – Сексеуіл, Қандыағаш – Тобыл, Ақсу-1 – Дегелең – Жаңа-Семей, Шалқар – Бейнеу және Әлімбет – Никельтау бағыттарында қозғалысты реттеудің заманауи жүйелері енгізілуде.
Аталған жобаларды 2026–2027 жылдары аяқтау жоспарланған. Олардың іске асуы магистральдық теміржол желісінің өткізу қабілетін арттырып, жүк тасымалының тиімділігін жақсартуға мүмкіндік береді.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік