Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыМәжіліс депутаты Ерлан Саиров қазақстандық телеарналардың бірінің тікелей эфирінде сөйлеп тұрып, жерге түкіргені үшін 15 315 теңге көлемінде айыппұл төлейтін болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Полиция департаменті видеоны зерттеді. Жалпы пайдалану орындарын ластау фактісі бойынша осы азаматқа қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 434-2-бабы 1-бөлігімен әкімшілік іс қозғалды.
5 АЕК (1 АЕК – 3063 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды», - делінген Павлодар облысының Полиция департаменті ұсынған мәліметте.
Айта кетейік, Мәжіліс депутаты телеарнаның тікелей эфиріне қосылып, Екібастұз қаласындағы апатқа қатысты жағдайды жеткізу кезінде жерге түкіріп жіберген.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді